«Командир тапаншаны сатып, қызына гүл әперген» – әскери бөлімнен қару-жарақ ұрлау ісі бойынша сот басталды
«Командир тапаншаны сатып, қызына гүл әперген» – әскери бөлімнен қару-жарақ ұрлау ісі бойынша сот басталды
Фото: Интернеттен алынды
246
оқылды
Түркістан облысында әскери бөлімнен қару-жарақ ұрлады деп айыпталған кіші сержант өз әрекетін «Командирлердің бірінің бұйрығын орындадым» деп түсіндірген. Соттың бүгінгі отырысында қылмыстық істің басты фигуранты Абылай Балғынбай атышулы оқиғаға қатысты түсінік берді. Оның айтуынша, бұл іске әскери бөлім командирінің міндетін уақытша атқарушы Ержан Дауытов итермелеген. Ол тіпті қорқытты деп отыр. Соның тапсырмасымен сарбаз қаңтардың 13-і күні әскери бөлімнен тапанша алып шығып, тығып қойған. Екі аптадан соң 11 тапаншаны ұрлап әкеткенін баяндады. Ал, ақпан айының 19-ына тапаншадан бөлек бірнеше автоматпен қоса оқ-дәрілерді қоймадан алып шыққанын айтты. Сотта жауап берген әскери өзі ұрлап әкеткен алғашқы тапаншаны сыбайластары арқылы 120 мың теңгеге сатқанын да жасырмады. Одан көрген пайдаға командирінің кездесіп жүрген қызына гүл әпергенін де жайып салды.
Айыпталушы Абылай Балғынбай: «Майор Дауытов Ержан Есімұлы , ол кезде әскери бөлім командирінің міндетін уақытша атқарушы сол кісі ұсыныс білдіріп, егер келіспеген жағдайда менің туысқан әкемнің ағасының баласы менімен бірге бір жерде жұмыс істеймін, сол ағаңды және өзіңді бір күнде жұмыстан шығарып қуып жіберемін деді. Егер ұсталған жағдайда мені білесің ,ағам бар, әскери полицияның бастығы, подполковник Дауытов, атын білмейм», – деді.
Айта кетейік, биыл ақпан айында Түркістан облысында кіші сержант қызметкері қоймадан қару-жарақ ұрлап,  20-сына қараған түні  қызметтік орнынан өз еркімен кетіп қалған болатын. ІІМ мен Ұлттық қауіпсіздік қызметкерлері жүргізген жедел операция кезінде ол көп ұзамай Алматыдан ұсталды. https://youtu.be/Y3LCf_kmV-I