Ауылдасының 6 мың теңге қарызы үшін итін өлтіріп, жеп қойғандар 300 мың теңге айыппұл төлейді

Ауылдасының 6 мың теңге қарызы үшін итін өлтіріп, жеп қойғандар 300 мың теңге айыппұл төлейді

Оқиға Большая Малышка елді мекенінде болған. Осы оқиғаға қатысты иттің иесі полицияға арызданған. Айтуынша, үш ауылдасы оның итін жеп қойған. Ол үшеудің біреуіне 6 мың теңге қарыз болған. Соның өтеуі ретінде итін берген. Алайда ауылдастары ол итті үй күзету үшін емес, жеу үшін алған екен. Бұл оқиғаны Есіл жағасында балық аулап отырған екі жасөспірім де көрген. Олар алдымен иттің қыңсылаған дауысын естіп, кейін сол жерден өтіп бара жатқан кезде қаскөйлердің жануарды ағашқа асып, терісін сыпырып мүшелеп жатқандарына куә болған. Полицейлер 33 жастағы күдіктіні қолға түсірді. Сондай-ақ, оның 38 және 36 жастағы екі сыбайласынан да жауап алынды. Күдіктілер жасаған әрекеттері үшін 300 мың теңге көлемінде айыппұл төлейді немесе 30 тәулікке дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.