Ондағы жолаушылардың ішінде қазақстандық туристер де болған.
Euronews-тің жазуынша, Lady MM кемесі Капри аралынан Сардиния аралына бара жатқан жолда өртенген. Оның өртеніп, кейін суға батып бара жатқан сәтін жағалау күзеті видеоға түсіріп алған.
Апат кезінде бортта 17 адам болған. Оның сегізі – қазақстандық турист, ал қалған 9-ы – экипаж мүшесі. Олар шағын қайыққа отырып, қауіпсіз жерге шыққан. Сол жерден жағалау күзеті құтқарып қалған. Өртті екі катер және тікұшақ сөндірді. Оттың неден тұтанғаны белгісіз.
https://youtu.be/uNs5_2ghyUA