«Алматының білім болашағы: жаңа жағдайдағы перспективалық шешімдер» форумында сөйлеген сөзінде Б.Сағынтаев мектеп жасына дейінгі орын тапшылығын шешу мақсатында 2020 жылдың басынан бері қарай 670 орынды төрт мемлекеттік бөбекжайдың пайдалануға берілгенін айтты. Ағымдағы жылдың соңына дейін бір мемлекеттік балабақшаның құрылысы аяқталады және 520 орынды тағы үш жаңа балабақша құрылысы басталады.
361 жеке балабақшаларға 17,5 орынды мемлекеттік білім тапсырыс берілген. Дегенмен, орын тапшылығы азаймай тұр. Өйткені, ата-аналар балаларын жеке балабақшалардағыдай қосымша төлемді қажет етпейтін мемлекеттік балабақшаларға бергілері келеді.
«Балаларды мектеп жасына дейінгі тәрбиемен қамтуды ұлғайту үшін біз Үкіметке жеке балабақшалардағы қосымша қызметтерге ата-аналардың ақы төлеуін жартылай жою жөнінде ұсыныс жасаған едік. Біздің бұл ұсынысымыз қолдау тапты. Осы мақсат үшін жергілікті бюджеттен шамамен 3 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінетін болады», - деп хабарлады Б.Сағынтаев.
Сондай-ақ ол бұл ірекет балалары жеке балабақшаларға баратын отбасылардың шығындарын азайтуға ықпал ететін атап өтті. Осы оң шараның қолға алынуы арқасында жеке балабақшаларда қосымша 5 мыңға жуық орын ашылады деп күтілуде. Қалада 893 мектеп жасына дейінгі мекеме жұмыс істейді. Олардың тек 189-ы (21,2%) мемлекеттік, қалған 704-і (78,8%) жеке балабақшалар. 3 жастан 6 жасқа дейінгі 18 мыңнан астам бала кезекте тұр.
2021 жылы жобалық қуаттылығы 2 590 орын болатын 13 балабақшаны іске қосу жоспарланған. Ғимараттарды қайтару және оларды модернизациялау жолымен қосымша 2200 орын ашылатын болады. Осылайша, 2020-2021 жылдары қосымша барлығы 12790 орын құрылады, ал бұл балабақша кезегін 70%-ға төмендетеді.