Бекшин оқушыларға маска тағуды міндеттеуге қатысты ойын айтты

Бекшин оқушыларға маска тағуды міндеттеуге қатысты ойын айтты

Алматы бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин оқушылардың сабақта маска кию мәселесіне қатысты ойын айтты. Онлайн-брифингте журналист Жандарбек Бекшинге балалардың ұзақ уақыт маска киюі зиян емес пе деген сұрақ қойды.

"Мектеп оқушылары күніне 3-4 сабақтан артық оқымайды. Сондықтан менің ойымша, бала төрт сағат маска тағуға шыдайды. Екі сағат сайын ауысым болады, мұғалімдер бұған қатаң қарайды", - деді Бекшин.
Жандарбек Бекшиннің айтуынша, балаларды маскалармен қамтамасыз ету ата-аналардың тікелей міндеті. Жағдайы нашар отбасынан шыққан балаларға масканы мектеп береді. Еске салайық, 1 қыркүйектен бастап 1-4 сынып оқушылары кезекші сыныптарда оқиды.