Бекшин қыркүйектегі карантинге қатысты жауап берді

Бекшин қыркүйектегі карантинге қатысты жауап берді

Алматының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин қыркүйекте демалыс күндері карантин сақтала ма деген сауалға жауап берді.

"Бәрі эпидемиялық ахуалға байланысты. Карантин алынғаннан соң 2 аптадан кейін коронавирустың өршіп кеткенін білесіздер. Қазір талап төмендеді, енді өзгерісті күтіп отырмыз. 2-3 аптадан соң біздің қаулымыз қандай нәтиже бергені белгілі болады.  Егер індеттің жұғуы төмендесе, шектеу шаралары ары қарай төмендетіледі. Осының бәрі азаматарымыздың денсаулығы үшін жасалып жатқан шаралар ", - деді Бекшин.
Еске сала кетейік, бұған дейін ол қазан, қараша айларында коронавирус өршуі мүмкін екенін айтқан болатын.