166 жұмыс орны ұсынылды
166 жұмыс орны ұсынылды
311
оқылды

Nur Otan партяисы об­лыс­тық филиалының ұйым­дастыруымен партияның «Кедергісіз келешек» жо­басы аясында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған бос жұ­мыс орындары жәр­меңкесі өтті.

Партия доктринасына сәй­кес жоғары өмір сүру стандарты бойынша барлық азаматқа әлеу­меттік қызметтер тең қол­жетімді болу қажет. Бұл мем­ле­кеттің, азаматтардың және жұмыс берушілердің тілеулес жауапкершілігі арқылы қам­тамасыз етілуі тиіс. Осы мақсатта Үкімет мүгедектердің құқығын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын арттыру бойынша іс-шаралар жоспарын қабылдап, кезең-кезеңмен жүзеге асыруда. Нәтижесінде Қазақстанда ха­лықтың еңбекке жарамсыз болып қалу тәуекелдерін алдын алуға, өмірдің қиыншылығына тап болғандар мен мүгедектіктің басталу кезі мен мүгедектікті оңалтуға – арнайы әлеуметтік көмек көрсетуге бағытталған бірқатар заң қабылданды.

Партияның «Кедергісіз келешек» жобасын іске асыру Елбасы – Nur Otan партиясының Төрағасы Н.Назарбаевтың жо­ғарыда көрсетілген тап­сыр­маларының тиімділігін арт­тырады және мүмкіндігі шек­теу­лі жандардың өмір сүру сапа­сын арттыруда мемлекеттік уәкі­летті органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың күштерін бірік­тіруге мүмкіндік береді.

Шараны партия облыстық филиалы төрағасының орын­басары Шәбден Тілеумұрат ашып, жәрмеңке жұмысына сәт­тілік тіледі. Ол өз сөзінде соң­ғы үш жылда партияның Жам­был облыстық және ау­мақ­тық филиалдарының қоғам­дық қабылдау бөлмелеріне 187 мүмкіндігі шектеулі жан өтінішпен келіп, оның 66-ы оң шешімін тапқанын жеткізді.

– Түскен өтініштердің басым бөлігі мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмысқа орналастыру, ма­териалдық көмек беру, тұр­ғын-үй мәселелері болған. Осы мәселелерді ескере келе, пар­тия облыстық және аумақтық филиалдары «Кедергісіз келе­шек» партиялық жобасын жү­зеге асыру мақсатында жыл сайын мүмкіндігі шектеулі жан­дарға арналған бос жұмыс орын­дарының жәрмеңкесін ұйым­дастырады. Биыл бұл жәр­меңке екінші рет өткізілуде. Соңғы үш жылда мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесінің қорытындысы бойынша 400-ге жуық мүгедек жан жұмысқа орналасқан, – деп атап өтті Шәбден Тілеумұрат.

Бос жұмыс орындары жәр­меңкесінде 24 жұмыс беруші мекемеден 70 мамандық бойын­ша 166 жұмыс орны ұсынылды.