Қоғамдық жұмыстың да ақылысы бар
Қоғамдық жұмыстың да ақылысы бар
463
оқылды
Қала әкімдігінің халықты жұ­мыспен қамту орталығы маман­дарының мәлімдеуінше, орталық еңбекке қабілеті бар барлық мүмкіндігі шектеулі азаматтарға жұмыспен қамту саласында бір­неше мемлекеттік қызмет тү­рін ұсынады.  Атап айтқанда, жұмыспен қамтуға ықпал ету, кәсіби даярлау, жұмыспен қам­тудың белсенді шараларына қа­тысуға, жаңа бизнес-жоспарын дамытып грант алуға, арнайы жұ­мыс орнын құру сынды қызмет көрсетеді. Айта кетейік, жалпы І, ІІ, ІІІ топтағы мүгедек жандар жұмысқа жарамды анықтамалары арқылы жұмысқа орналаса алады. І, ІІ топ­тағы мүгедек жандарға толық емес жұмыс уақыты белгіленген, яғни 8 сағат емес 6-сағат  жұмыс істеуге құқылы. Қазіргі таңда Шым­кент қаласында 38 124 мүм­кіндігі шектеулі азамат тіркелген. Оның 3 681-і  – І топтағы мүгедектер,  16 мыңнан астамы  – ІІ топтағылар,  ал 12 283-і  – ІІІ топтағы мүгедектер. Жалпы, биыл қала әкімінің тапсырмасына орай «Жастар прак­тикасы» бағдарламасымен 3 042 жас жұмыспен қамтылуы тиіс. Жыл басынан бері кезеңде 1 976 азаматқа жұмыс орындарына жолдама беріліпті. Яғни, бүгінге дейін жоспардың 65 пайызы орын­далған. Статистикалық мәліметтер жастар практикасы бойынша жұ­мыс істейтін мамандарға тех­ника­лық, медицина және педа­гогика салаларында сұраныс жо­ғары болып тұғанын көрсетеді. Мұнан өзге қаланың 4 403 тұрғыны ақылы қоғамдық жұмысқа тар­тылған. Жыл соңына дейін 6 мыңға жуық адамды қоғамдық жұмысқа тарту көзделіп отыр екен. Сондай-ақ әлеуметтік жұ­мыс орындарына 283 азамат ор­наласып, жылдық жоспар арты­ғымен орын­далғанын айта кеткен жөн. Бұдан бөлек, Шымкент қала­сында тұрғындардың әлеу­меттік жағдайын жақсарту мақсатында  кәсіп бастаймын деген жандарға қолдау білдірілуде. Бүгінде үшінші мегаполистің 3 549 тұрғыны «Бас­тау Бизнес» бағдарламасы бо­йынша кәсіпкерлік негіздерін меңгеру бойынша оқытудан өткен. Оның 2 820-на оқуды аяқтағаны туралы сертификат берілсе, 729-на қатысқаны туралы сертификат табысталған. «Атамекен» кәсіпкерлер п­а­ла­тасы мамандарының хабар­лауынша, кәсіпкерлік негіздерін меңгерген түлектерге  оқу аяқ­талған соң тест тапсыруға үш мүмкіндік беріледі. Егер осынау мүмкіндіктерден мүлт кетсе тек оқуға қатысқаны жөнінде ғана сертификат беріледі. Ал тесттен жақсы нәтиже көрсетсе, оқуды бітіргені жайлы сертификат алып, грантқа үміткер болады. Грант қайтарымсыз, бірақ мониторинг тобы арнайы тексеру жұмыстарын жүргізіп отырады. Яғни, бұл – әлеуметтік көмек емес, кәсібін бастаушы кісілерге бизнес-жос­парын іске асыруына жасалып жатқан мүмкіндік, – дейді олар. Арнайы құрылған комис­сияның қорытындысынан кейін жобасы мақұлданған бағдарламаға қатысушылар мемлекет тарапынан берілетін 200 АЕК көлеміндегі грантқа қол жеткізеді. Осынау жобаға қатысушылар ең алдымен халықты жұмыспен қамту ор­талығынан жолдама алуы тиіс. Ары қарай «Атамекен» кәсіпкерлер палатасына келмей-ақ, оқуға онлайн тіркеле алады. «Әлеуметтің әлеуетін жақсартуға бағытталған бұл игі шараның бәрі халық үшін», – дейді әкімдік мамандары.  

Назгүл НАЗАРБЕК, Шымкент қаласы