Ардақ Әшімбекұлы 1977 жылы 1 мамырда дүниеге келді.
1995 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара әскерлерінің Әскери институтына түсіп, 1999 жылы «бөлімшелердің қызметтік-жауынгерлік іс-әрекеттерін басқару» мамандығы бойынша бітірген.
Сондай-ақ 2014 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.
1999-2001 жылдары ҚР Республикалық ұланының қатарында офицерлік лауазымдарда болған.
2001-2006 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Күзет қызметінде түрлі офицерлік басшылық лауазымдарда қызмет атқарған.
2006 жылдан Қызметтің әртүрлі құрылымдық бөлімшелерін басқарған.
2013 жылдан ҚР Президенті Күзет қызметі Бастығының бірінші орынбасары – Президентінің қауіпсіздік қызметінің бастығы болды. 2014 жылдан Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының қауіпсіздік қызметінің бастығы болып тағайындалды.
2019 жылдың маусымынан осы тағайындауға дейін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің басшысының бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Тұңғыш президенті – Елбасы Күзет қызметінің басшысы болды.
ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен, «ҚР ҰҚК Әскери институтына 75 жыл» арнаулы мерейтой төсбелгісімен, ҚР Президентінің атынан және Қызмет басшылығынан алғыстармен, 8 медальмен, Қазақстан Республикасы Президенті Күзет қызметінің Құрмет грамотасымен марапатталған.