Үкіметте ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев әнші Жанар Хамитованың қайтыс болуына байланысты пікір білдірді.
«Жанар Хамитованың қазасына байланысты қылмыстық іс қозғалды. Бар жағдай тексеруілуде. Онда өз-өзіне қол жұмсау фактісі болғанын бәріңіз білесіздер. Алайда бірқатар нюанстар болғандықтан, Қарағанды облысында қылмыстық іс қозғалды», - деді министр.
Бұған дейін Қарағанды облысы полиция департаменті Хамитованың қазасына байланысты ҚР ҚК 105 бабы 1 тармағы бойынша (Өз-өзіне қол жұмсауға итермелеу) сотқа дейінгі тергеу-тексеру амалдары жүріп жатқанын хабарлаған еді.
16 қыркүйекте әлеуметтік желіде Superstar.kz жобасының финалисі, әнші Жанар Хамитованың қайтыс болғаны туралы хабар тарады. Ақпаратты Жанардың туған ағасы растады.