Алматыда жиһаз цехы өртеніп жатыр
Алматыда жиһаз цехы өртеніп жатыр
759
оқылды

Алматыда жиһаз цехы өртеніп жатыр. Бұл туралы қаланың Төтенше жағдайлар Департаменті хабарлайды.

«17 қыркүйек сағат 11:57-де «101-ге» Жетісу ауданында өрт болып жатқаны туралы хабар келіп түсті. Ратушный 84 А көшесінде жиһаз зауыты ашық кеңістікте өртеніп жатқан, жанындағы цехтарға да өрт шабу қаупі болды. Қазір оқиға орнында 20 бірлік техника мен 60 адамнан тұратын жеке құрам жұмыс істеуде. Полиция департаменті өрт шыққан аумақты қоршауға алды, оның көлемі айқындалуда», - деп хабарлайды ТЖД.

https://youtu.be/lEe488hC0Jk