Б.Сағынтаев: Алматыға жер сілкінісін ескертетін 25 станса қажет
Б.Сағынтаев: Алматыға жер сілкінісін ескертетін 25 станса қажет
285
оқылды

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев жапондық сарапшымен жер сілкінісі туралы алдын-ала ескерту жүйесін орнатуды талқылады. Бұл туралы қала әкімі Instagram-дағы парақшасында жазды.

«Біз Challenge Co., Ltd бас директоры Kазуо Сасакимен Алматыда жер сілкінісі туралы алдын-ала хабарлайтын жүйені орнату туралы мәселені талқыладық. Сасаки мырза – сейсмикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласының танымал сарапшысы, жобаның серіктесі болуға дайын. Ол әлемдегі неғұрлым сейсмикалық қауіпті аймақтарда қолданылған қондырғының артықшылықтары туралы айтты», – деп жазды әкім.

Бақытжан Сағынтаевтың айтуынша, Алматыдағы сейсмология Институты мамандарының мәліметіне сәйкес қалада 25-35 станса орнату қажет.

Айта кету керек, қауіпті ескертетін заманауи жүйелер – сейсмикалық қауіпті аймақтарда орналасқан тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін кешенді шаралардың ажырамас бөлігі.