Хабаровскіде наразылық акциясы екі айға жуықтады
Хабаровскіде наразылық акциясы екі айға жуықтады
фото: DVHAB.ru
222
оқылды
Ресейдің Хабаровск өлкесінде тұрғындар губернатор Сергей Фургалдың қамауға алынуына байланысты 50 күн бойы наразылық білдіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Ресми мәліметке сәйкес, 29 тамызда Хабаровскіде шамамен 1 200 адам шеруге шыққан. Осы жолғы акцияда арнайы жәшік орнатылған. Онда тұрғындар өңірдің бұрынғы губернаторы Фургалға хат қалдыра алады. DVhab.ru басылымының мәліметінше, осы шарада полиция "өте аз" болған. Журналистердің ақпаратынша, "тәртіп сақшылары шеру бейбіт өтеді деген қорытындыға келген". Шеруге қатысқандардың кейбірінде "Вова, попей (Ред. - Орфографиясы өзгертілмеген) чаю. Хабаровск угощает", "Сколько б власть ни штрафовала - будем биться за Фургала" - и несколько растяжек: "Просыпайтесь, города, с нашей Родиной беда", "Наш выбор - наш Фургал" деген жазуы бар плакаттар болған. БАҚ-тың мәліметінше, шеру аяқталған соң Хабаровск үкіметінің алдында жүздеген адам жиналған. Айта кетейік, 2020 жылдың 9 шілдесінде 2000 жылдары кәсіпкерлерді өлтірді деген күдікпен өңірдің экс-губернаторы Сергей Фургал Мәскеуде ұсталған еді. Кейін жергілікті тұрғындар губернатордың босатылуын талап етіп шеруге шыққан. Олар губернатордың ісін Мәскеуде емес, Хабаровскіде өткізуді, соттың әділ болуын талап етіп жатыр. Сонымен қатар, 20 шілде күні Ресей президенті Владимир Путин өлкеге жаңа губернатор тағайындады. Өлкені басқару Госдумада ЛДПР атынан депутат болып отырған Михаил Дегтяревке тапсырылған еді.