Бекзат Саттарханов даңғылында ерекше көрініс пайда болды
Бекзат Саттарханов даңғылында ерекше көрініс пайда болды
Фото: otyrar.kz
381
оқылды
Қазақстанның рухани астанасында тағы бір керемет орын пайда болды. Бекзат Саттарханов даңғылында  жасанды тоған салынып, Нимфея тұқымдасына жататын лалагүлдермен безендірілді. [caption id="attachment_68713" align="alignnone" width="696"] width= Фото: otyrar.kz[/caption] Бұл маң жергілікті тұрғындардың да, қалаға келген қонақтардың да сүйікті орнына айналды.
«Өте керемет, ғажайып орын. Түркістанда мұндай жер болады деп кім ойлаған? Мен күйеуіммен бірге Астанадан Түркістанға көшкенде, үзілді-кесілді қарсы болдым. Шөл, жел мен аңызақ деп ойладым. Енді, тіпті кеткім келмейді. Бұл жер өте әдемі, осындай тоған бар, кешке салқын әрі әдемі», – дейді Ләззат Атабекова.
Otyrar.kz-тің жазуынша, көшеттер Бельгиядан әкелінген.  636 гүлдің әрқайсысына бір шаршы метрден бөлінген. Күн суық кезде гүлдер уақытша сақталатын болады.