Алматыда пневмониямен ауырған балалар саны 800 бе, 189 ба?
Алматыда пневмониямен ауырған балалар саны 800 бе, 189 ба?
фото: ашық дереккөз
428
оқылды
Денсаулық сақтау министрлігі Алматыда пневмониямен ауырып жатқан балалар туралы мәліметті өзгертті. Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев нақты мәліметтер келтірді. Бұған дейін Алматыда өткен брифингте қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин Алматыда 800-ден аса баланың пневмониямен ауырғанын хабарлаған болатын. "Пневмониямен ауырып, ауруханада 806 бала жатыр", - деген еді Бекшин. Байтанаев 806 баладан пневмония табылмағанын айтып, мәліметті түзеді. "ЖРВИ, тұмау (2019-2020 жж.) эпидемиологиялық маусымы басталғаннан кейінгі мәліметтер келтірілді. Пневмониямен ауруханаға жатқызылған адамдар саны - 806, оның 189-ы - 14 жасқа дейінгі балалар", - деді Байтанаев. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, соңғы бір тәулікте елде 543 адамнан коронавирус белгілері бар пневмония анықталған, 2 адам көз жұмған. 2020 жылдың 1-30 тамызы аралығындағы статистика: пневомниямен ауырғандар саны - 25 658, қайтыс болғандар - 284, жазылғандар - 5549 адам.