Шымкентте уақытша стационардан соңғы науқас шығарылды, деп хабарлайды tengrinews.kz. Т. Орынбасаров атындағы гипербариялық оксигенация орталығына 19 тамызда екіжақты пневмониямен түскен көпбалалы Мақпал Тастанова қазір үйінде. Қала үшін бұл COVID-19 жағдайының тұрақтанғанын көрсететін маңызды оқиға. Шымкентте төтенше жағдай режимі кезеңінде - 24 наурыз бен 28 тамыз аралығында - барлығы 5173 адамнан COVID-19 (2 639 симптомдармен және 2 534 симптомсыз) табылған. Ауру деңгейі 100 мың тұрғынға шаққанда 491,5 адам болған (Республикада бұл - 561,0). Өткен тәулікте Шымкентте коронавирус жұқтырудың екі жағдайы ғана тіркеліп, алты адам аурудан айыққан.