"Барыс" "Спартакты" 3:0 есебімен жеңді
"Барыс" "Спартакты" 3:0 есебімен жеңді
355
оқылды

Алматыда өткен құрлықтық хоккей Лигасында «Барыс» Мәскеудің «Спартагын» 3:0 есебімен ойсырата жеңді. Бұл туралы «Барыс» Хоккей клубының баспасөз қызметі хабарлады.

Даррен Диц құрамадан тыс қалды, Дастин Бойд – капитан. Хенрик Карлссон – қақпашы, ал Батырлан Мұратов құрамаға енді келді, кеше оның ойындағы дебюті болды.

Ойынның басында екі құрама да қақпаға шайба салмады. Бірінші кезеңде Бойд қарсыластың қақпасына 1 шайба салып үлгерсе, екінші кезеңде бұл Найтке бұйырды. Үшінші сәтте шайба салу Дастен Бойдтың еншісіне тиді. Бұл гол матчтағы соңғы гол саналып, «Барыс» жеңіске қол жеткізді.

Атап өтерлігі, «Барыс» - «Спартак» матчы Алматыда аренада рекордты көрсеткіште көрермен жинады. Елордалық «Барысқа» жакүйерлік етуге 12105 адам келген.

«Барыс» әзір Алматыда. Жұмада Челябинсктен келген «Трактор» командасымен ойын көрсетеді. Матч Алматы аренада 19:30-да басталады.

"Барыс" – "Спартак" – 3:0 (0:0, 2:0, 1:0)

1:0 Бойд (Блэкер) 34:15 ГБ
2:0 Найт (Метальников) 37:15
3:0 Бойд (Тангрэйди, Пакаринен) 41:39 ГБ

Қақпашылар: Карлссон – Хомченко