Қазақстан-Қытай шекарасында заңсыз тон алып өтпек болғандар ұсталды
Қазақстан-Қытай шекарасында заңсыз тон алып өтпек болғандар ұсталды
402
оқылды

Қазақстандық Қытайдан құндыз тонының ірі партиясын алып өтпек болған. «Қорғас» халықаралық шекара ынтымақтастығы бақылау-өткізу бекетінде кеденшілер құндыз тонның ірі партиясын тәркілеген. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлайды.

«17 қыркүйек «Алтынкөл» кеден бекетінде сағат шамамен 17:30-да ҚХР шекарасынан шығып бара жатқан Қазақстан азаматынан белгіленген нысанда мәлімделмеген аң терісінен жасалған тондар тәркіленді. Яғни 361 құндыз тоны. Кеден тауарының сомасы шамамен 12 миллион 140 мың теңгені құрайды. Төленбеген кеден салығы 2 миллион 90 мың теңге», - деді кеден бекетінің бас маманы Бекен Нұрахметов.

Тонның жалпы салмағы 107 келіні құрады.

Қазіргі уақытта тондар уақытша сақтау қоймасына жөнелтілген. Кінәлілерді қылмыстық жауапкершілікке тарту жайы қаралуда.