Телеарнаның хабарлауынша, Ұлыбританияда карантиндік шаралар жеңілдетілгенімен қызметкерлер өз кеңселеріне оралғысы жоқ. Бұған Кардифф және Саутгемптон университетінің ғалымдары жүргізген зерттеу нәтижелері дәлел. Осыған орай бүгін үкімет қызметкерлерді жұмыс орындарына қайта оралуға шақыратын үгіт-насихатты бастады.
Ғалымдардың зерттеулеріне сәйкес британиялық қызметкерлердің 88% үйде отырып жұмыс істеуді жалғастырғысы келеді, ал 47% мұны дағдыға айналдырғысы бар. Егер пандемияға дейін қызметкерлердің тек 6% үйден жұмыс істеп келсе, сәуір айында олардың саны 43% дейін өскен және еңбек өнімділігі негізінен тұрақты болған.
Пандемияға байланысты кеңселер қаңырап тұр. Өйткені қызметкерлер үйден жұмыс істеп жатыр.
Риэлтор Оливер Фиш: «Сіз метро, түскі асқа жұмсайтын ақшаңызды үнемдейсіз. Жолға 2 сағат уақытыңызды жоғалтпайсыз. Артық күйзелістен құтқарады. Үйден жұмыс істеудің пайдасы көп», – дейді.
Жұмыс берушілер ассоциациясының пайымдауынша, кеңсе қызметкерлерінің арқасында күн көріп келген бизнес өкілдері банкрот болуы мүмкін.
Соңғы кездері ғимарат иелері болса, сұраныстың азаюына байланысты кеңсені жалға беру құнын 10%-ке дейін төмендетуге мәжбүр.
Оның үстіне кіре берісте есікке қол тигізбей өту, үстелдер арасына оқшаулау бағаналарын орнату сияқты жұмыстарға миллиондаған қаржы төлеп, қосымша шығынға батып жатыр.