Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Қырымбек Көшербаев Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Қ.Е.Көшербаевты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы қызметіне тағайындау туралы Қырымбек Елеуұлы Көшербаев Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы қызметінен босатылсын.
Қазақстан Республикасының
Президенті Қ.Тоқаев
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2019 жылғы 18 қыркүйек № 156
Қырымбек Елеуұлы 1955 жылы 20 мамырда Қызылорда облысының Қазалы қаласында дүниеге келген.
Қазақ политехникалық институты (1978 ж.), СОКП ОК жанындағы Қоғамдық ғылымдар академиясы (1991 ж.) бітірген.
1978-79 жж. - «Главриссовхозстрой» ПМК-112 инженері, өндірісті дайындау тобының бастығы, Кызылорда қ. 1979-81 жж. - Қызылорда облысының күріш инженерлік жүйесінің - Бүкілодақтық екпінді комсомолдық құрылысының штаб бастығы 1981-88 жж. - Қазақстан ЛКСМ комсомолдық қызметін меңгеруде 1988-91 жж. - СОКП ОК жанындағы Қоғамдық ғылымдар академиясының аспиранты 1991 ж. - Қазақстан Республикасы Президенті Аппараты Мәдениет және ұлтаралық қатынастар референтурасының референті 1991-94 жж. - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының көмекшісі 1994-95 жж. - Алматы қаласы Калинин ауданының әкімі 1995-96 жж. - Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинеті Аппараты басшысының орынбасары - ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі; Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппараты басшысының орынбасары - аумақтық даму бөлімінің меңгерушісі 1996-97 жж. - Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз хатшысы - Баспасөз қызметінің жетекшісі 1997-99 жж. - Қазақстан Республикасының Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрі 1999 ж. - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау, білім және спорт министрі 1999-2000 жж. - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі 2000-03 жж. - Қазақстан Республикасы Батыс-Қазақстан облысының әкімі 2003-06 жж. - Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті өкілі, Қазақстан Республикасының Финляндия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті өкілі (қосып атқарды), Қазақстан Республикасының Армения Республикасындағы Төтенше және Өкілетті өкілі (қосып атқарды) 2006 ж - Қазақстан Республикасы Маңғыстау облысының әкімі 2012 жылдың 13 шілдесінде Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі қызметіне тағайындалды.
2012 жылдың қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды. 2013 жылдың қаңтарында Қызылорда облысының әкімі болып тағайындалды.
2019 жылдың 28 маусымында Президент Әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды.