Қазақстандық теннисші АҚШ-тың ашық чемпионатын жеңіспен бастады
Қазақстандық теннисші АҚШ-тың ашық чемпионатын жеңіспен бастады
Фото: Интернеттен алынды
278
оқылды
Әлемнің 35-ракеткасы Ю.Путинцева жарысқа арнайы шақыртылған, рейтингте 593-орында тұрған америкалық Робин Монтгомеримен кездесті. Бірінші сетте қазақстандық теннисшінің басымдылығы айқын көрінді – 6:1. Есесіне, екінші сетте есеп 1:1 болған сәтте америкалық спортшы брейк жасап, алға шықты. Дегенмен таразы басын қайта теңестіре алған Юлия бұдан кейін қарсыласына еш мүмкіндік қалдырған жоқ – 6:3. Бәсеке бір сағаттан сәл астам уақытқа созылды. Ю.Путинцева екінші айналымда рейтингте 351-орында тұрған, додаға арнайы шақыртумен қосылған Беларусь өкілі, 21 жастағы Вера Лапкомен кортқа шығады. Ол алғашқы айналымда әлемнің 123-ракеткасы, швейцариялық Виктория Голубичті 1:6, 7:6 (7:2), 6:2 есебімен жеңген болатын.