Қазақстан әлем чемпионатында алғашқы медальға қол жеткізді
Қазақстан әлем чемпионатында алғашқы медальға қол жеткізді
338
оқылды

Қазақстан Таиландта ауыр атлетикадан өтіп жатқан әлем чемпионатында алғашқы медальді жеңіп алды. 55 келі салмақтағы бәсекеде Игорь Сон 266 келілік зілтемірді көтеріп күміс медальға қол жеткізді.

Бұл салмақта солтүстік кореялық Ом Юн Чхоль екі әлемдік рекорд орнатып, алтынға қол жеткізді (294 келілік зілтемір).

Сауд Арабиясынан келген Мансұр Әбдулрахим Әл Салим қазақстандықтан 1 келі аз көтеріп (265 келі), үшінші орынға жайғасты. Қазақстаннан барған Арли Чонтей 263 келілік зілтемірді көтеріп, бесінші орынды місе тұтты.

Әйелдер арасындағы додада Қазақстан атынан Зүлфия Чиншанло (55 келі) мен Екатерина Быкова (71 келі) қатысады. Чемпионатта ерлер құрамасы келесі құрамда өнер көрсетеді: Арли Чонтей, Игорь Сон (55 келіге дейін), Денис Ұланов (89 келі), Нижат Рахимов, Айдар Қазов (81 келіге дейін), Илья Ильин (96 келі) және Ибрагим Берсанов (109 келіге дейін).