«Өлместің күнін көріп отыр» – Президент бизнесті дамытуға қаржы бөлуді тапсырды
«Өлместің күнін көріп отыр» – Президент бизнесті дамытуға қаржы бөлуді тапсырды
Фото: Интернеттен алынды
157
оқылды
Шағын және орта орта бизнес үшін айналымдағы қаржыны толықтыру бойынша арнайы бағдарлама 2021 жылға дейін ұзартылады. «Ұлттық банк зардап шеккен секторларда шағын және орта бизнес үшін айналымдағы қаржыны толықтыру бойынша арнайы бағдарламаны жүзеге асыруда. Бұдан бұрын оның іске асыру биыл аяқталады деп ескерілген еді. Қазіргі дағдарыстық жағдайда аталған бағдарламаның күшін 2021 жылдың соңына дейін ұзартуды және оның ауқымын кеңейтуді тапсырамын. Осы мақсаттарға қосымша 200 млрд теңге қарастыру керек. Осы орайда бағдарламаның жалпы көлемі 800 млрд теңгеге дейін жеткізіледі. Келесі жылдың барысында шағын және орта бизнес қызметінің жаңа құқықтық базасын әзірлеуді тапсырамын. Кәсіпкерлік қызметке мемлекеттік құрылымның кез келген заңсыз араласуы, бизнесмендер жұмысына кедергі келтіру жағдайы мемлекетке қарсы өте ауыр қылмыс ретінде қабылдануы керек», – деді Мемлекет басшысы.