18 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Ерлан Қошанов Қарағанды облысының әкімі лауазымынан босатылып, Президент Әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды.
Қошанов Ерлан Жақанұлы 1962 жылдың 14 тамызында Қазақ КСР Жезқазған облысы Шет ауданы Ақсу-Аюлы ауылында дүниеге келген.
1984 жылы Қарағанды политехникалық институтының Жезқазғандағы бөлімін «Инженер-механик» мамандығы бойынша аяқтап шығады. 1991 жылы Кеңес Одағы тұсындағы ішкі сауда бойынша Академияның Жоғары коммерциялық мектебінде оқып шығады.
1999 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясында экономист мамандығы бойынша білім алды.
Еңбек жолын 1986 жылы «Жезқазғанцветмет» өңдеу зауытында слесарь болып бастаған.
Қошановтың саясаттағы мансабы 1999 жылы Парламенттегі үкімет өкілі болудан басталады.
2001 жылы премьер-министр Канцеляриясы басшысының орынбасары, 2003 жылы көлік және коммуникация вице-министрі болды.
2006 жылы көлік және коммуникация Министрлігі азаматтық Авиация комитетін басқарады.
2007 жылы қайтадан премьер-министр Канцеляриясы басшысының орынбасары болып тағайындалып, 2012 жылы Канцелярияны басқарады.
2017 жылдың наурызынан бастап Қарағанды облысының әкімі болды.