Жиында Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев: «Президент Жарлығымен Нұрлан Мәжитұлы Әбдіров ҚР Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалды. Конституцияның 58-бабына сәйкес, Сенат төрағасының орынбасары лауазымына сенатор Нұрлан Әбдіровті ұсынамын. Өздеріңізге белгілі, Нұрлан Мәжитұлы – тәжірибелі және білікті маман. Әділет министрлігінде және қауіпсіздік кеңесінде жауапты қызметтер атқарды. Бүгінге дейін Мәжілістің заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы ретінде табысты еңбек етіп келді», – деді.
Сенаторлар дауыс беру арқылы бір ауыздан Нұрлан Әбдіровтің кандидатурасын қолдады.
«Қаулы қабылданды. Нұрлан Әбдіров ҚР Парламенті Сенатының төрағасының орынбасары болып сайланды», – деді Әшімбаев.