Тоқаев жыл сайын бір-екі көшені қайта-қайта жөндей беретіндерді сынады
Тоқаев жыл сайын бір-екі көшені қайта-қайта жөндей беретіндерді сынады
Фото: Интернеттен алынды
252
оқылды
«Аса маңызды мәселенің бірі – аймақтарды бюджеттен қаржыландыру моделін әзірлеу. Бұл ретте орталық пен өңір арасындағы қарым-қатынастан бөлек, қаражаттың өңір ішінде бөлінуіне айрықша назар аудару керек. Жергілікті бюджеттерді бекіту барысында бақылауды күшейту қажет», – деді Мемлекет басшысы.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, қазынадан бөлінген қаражат көп жағдайда тұрғындардың мұқтаж, шын мәнінде, қажеттілігіне жұмсала бермейді. «Бір-екі көшені жыл сайын қайта-қайта жөндей беру, имидждік шараларға жұмсалатын тиімсіз шығындар азаматтарымыздың наразылығын тудыруда. Бұл – орынды», – деді Президент.