Орта деңгейдегі шенділерге үлкен жауапкершілік жүктейді – Расул Жұмалы  
Орта деңгейдегі шенділерге үлкен жауапкершілік жүктейді – Расул Жұмалы   
Фото: Интернеттен алынды
234
оқылды
Пандемия кезінде билік тарапынан қандай қолдау болатыны, қандай шешім қабылданатыны көп азамат үшін маңызды болды. Қандай жолмен жүретініміз, бағытымыз айқындалды. Келелі мәселелер айтылды. Айтылған дүние сөз жүзінде қалмау үшін оны қалай іске асырамыз? Қандай тетіктерді қолға аламыз? Тек декларациялар ғана емес, оның нақты жолдары айтылды. Сандар келтірілді. Қанша пайызға қысқартылатыны, қандай жеңілдіктер жасалатыны, жалақының өсуіне байланысты қанша қаржы бөлінетіні. Президент басты басымдықты елдегі әлеуметтік мәселелердің шешілуіне, қиын жағдайда отырған азаматтардың жағдайын жақсартуға бағыттады. Санды азайтып, сапаны көтеру мәселесі айтылды. Қосарланған қызметтерді алып тастау, асырасілтеушілікке жол беріп отырған, жемқорлыққа ұрынған шенділерді орнынан босату сияқты өзекті дүниелерді тілге тиек етті. «Істегеніміздің бәрі дұрыс» деген жеңіл-желпі мәлімдеме емес. Ел басшылығы елде болып жатқан оқиғаларды шынайы бағамдап,  өзінің кейбір ісіне сыни көзбен қарап отырғаны – жақсы нышан. Қандай қателіктер жіберіліп жатқаны ашық айтылды. Көп азамат өзін мазалаған сұраққа жауап тапқан мәлімдеме болды. Мысалы, мұғалімдер, дәрігерлер, шағын бизнес өкілдері, ауыл диқандары т.б. Енді жағдай осы Жолдаудың іске асуына келіп тіреледі. Оның науқаншылдыққа айналмауы маңызды.  Бұл шенділерге, әсіресе орта деңгейдегі шенділерге үлкен жауапкершілік жүктейді. Әрине, осы мәселелердің іске асуына қоғамның да белсенділігі қажет.

Расул ЖҰМАЛЫ, саясаткер