Қаңтардан бастап мұғалімдердің жалақысы 25% өседі

Қаңтардан бастап мұғалімдердің жалақысы 25% өседі

Жолдауда Мемлекет басшысы білім беру сапасына да ерекше тоқталды.

«Қашықтан оқыту ісін ұйымдастыруда Үкіметтің жіберген қателіктерін жақсы білеміз. Ашығын айтқанда, Әлі күнге дейін нақты бір онлайн платформа жоқ», – деді Президент.
Білім берудегі қордаланған проблемаларды атаған Қасым-Жомарт Тоқаев келесі жылы ұстаздардың жалақысын арттыруды міндеттеді.
"Білім саласындағы басты мәселенің бірі – ұстаздар жалақысының аздығы. Мен 2021 жылдың қаңтар айынан бастап мұғалімдердің еңбекақысын 25% көбейту жөнінде шешім қабылдадым. Жалақы мөлшері алдағы уақытта да арта береді. Бұл мақсатқа алдағы үш жылда қосымша 1,2 трлн теңге бөлінеді", - деді Мемлекет басшысы.