Жиында Мәжілістің заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы қызметіне депутат Қанат Мусин сайланды. Оның кандидатурасын 97 депутат қолдап, дауыс берді.
«Бұл – мен үшін үлкен абырой. Мемлекет басшысы берген тапсырмаларды адал орындауға бар күшімді саламын», – деді комитеттің жаңа төрағасы Қанат Мусин.
Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы қызметіне депутат Қанат Мусинді ұсынған болатын.
[caption id="attachment_69286" align="alignnone" width="1024"] Фото: Интернеттен алынды[/caption]