БАҚ өкілдерін жинаудағы мақсат – оқу орнындағы жаңа жобалар мен ребрендинг, – дейді шараны ұйымдастырушылар.
Almaty technological university-нің (ATU) негізі 1957 жылы қаланған. Ол Қазақстанның ең алғашқы оқу орындарының бірі.Бүгінде білім ордасы тағам және жеңіл өнеркәсіп, бизнес, қызмет көрсету және қонақжайлылық саласына мамандар даярлайды. ATU-да студенттерге бірнеше шетелдік оқу орындарымен бірлесіп қос дипломдық бағдарламамен білім алу мүмкіндігі қарастырылған. Мәселен, Туризм және қонақ үй менеджменті институтымен (Швейцария), Еуропалық дизайн институтымен (Италия), Г.В.Плеханов атындағы Ресей экономикалық унииверситеті (Ресей) және Пловдив қаласының тағам технологиясы университетімен (Болгария) бірлескен келісім бар.
Университет қабырғасында студенттер нан пісіріп, шұжық өнімдерін жасап, макаронның жаңа түрлерін ойлап таба алады.
Сондай-ақ, ATU-да тағам және жеңіл өнеркәсіп, мейрамхана мен қонақ үй бизнесіне арналған 3 технопарк жұмыс істейді. Олар шикізаттан өнімді дайындап шығаруға дейінгі толық технологиялық циклды қамтамасыз ететін заманауи өндісітік қондырғылармен жабдықталған.
Университ ұйымдастырған Мediaday барысында Алматы технологиялық университетінің бірінші проректоры, техника ғылымдарының докторы Бауыржан Нұрахметов, дизайнер, АТУ Түлектер қауымдастығының төрайымы Аида Қауменова, «Беккер и К» ЖШС директоры Нәсима Қалиева және «Pomodoro» мейрамханаларының негізін салушы, бас аспаз Джорджио Палации, т.б қатысушылар сөз сөйлеп, пікірін ортаға салды. Шара барысында қонақтарға музей, университет технопаркінің жұмысы таныстырылды.