Қытайда автобустардың бірінде жаңа ғылыми зерттеу жүргізіліп, коронавирустың желдетілмейтін ортада ешқандай ауру белгілері жоқ науқас адамнан ауа арқылы таралуы мүмкін екені дәлелденді. Бұл туралы Le Monde атты француз басылымы хабарлады.
Коронавирус жұқтырған симптомсыз науқас бір сағатқа жуық уақыт ішінде нашар желдетілетін автобустағы жолаушылардың үштен біріне вирус жұқтырды. Автобус салонының алдыңғы және артқы жағында отырған жолаушылар індетті жұқтырғаны белгілі болды. Сөйтіп, ғалымдар коронавирус жұқтыру радиусы бұрын ойлағаннан әлдеқайда үлкен екенін дәлелдеді.
Эпидемиологтар бұған дейін коронавирус жұқтырған адамдар түшкіргенде немесе жөтелгенде тамшылар арқылы жұқтырады деп мәлімдеген еді. Сондықтан дағдарыс басталған кезде ауа арқылы таралуы мүмкін деген болжамды бүкіл әлемнің денсаулық сақтау органдары назардан тыс қалдырды. Алайда көптеген мамандардың респираторлық вирустар мәселесі жөніндегі пікірлері мен қарапайым әңгіме кезінде вирустың ауада болуы-болмауына қатысты зерттеу нәтижелерінен алынған жаңа білімнің арқасында жазда жағдай өзгерді.