Екі полицей ауа жетпей тұншыққан сәбиді ауруханаға өз көлігімен апарды
Екі полицей ауа жетпей  тұншыққан сәбиді ауруханаға өз көлігімен апарды
267
оқылды
Алматы облысында полицейлер ауа жетпей тұншыққан 8 айлық сәбиді шұғыл түрде ауруханаға жеткізуге көмектесті. Осыдан соң әлеуметтік желіде белгісіз полиция қызметкерлеріне алғыс айтқан пост жарияланды. Алматы облысы Полиция департаменті автордың постынан кейін алғыс алғандардың кім екенін анықтады. Polisia.kz-тің жазуынша, 13 тамыз күні Талдықорған қаласы патрульдік полиция қызметінің аға инспекторы Руслан Тезекпаев серіктесі Мадияр Керімбаевпен бірге Бескөл стансасында іссапарда болған. Сағат 14:30 шамасында олар Mazda автокөлігін тоқтатады. Көлік ішіндегілер мазасыз күйде болыпты. Өйткені жағдайы нашарлаған сәбиін Үшаралдағы ауруханаға апара жатқан.  width=–Жылап тұрған әйел кісі полицейлерге сәбиіне ауа жетпей қиналып жатқанын, тез арада көмек керек екенін айтқан. Ал жолдағы қозғалыс ауруханаға тез жетуге кедергі келтірген. Полицейлер еш саспастан, тез арада шешім қабылдап үлгерді. Олар сәбиді анасымен және әжесімен бірге өздерінің көлігіне отырғызды. Осылайша, арнайы дыбыс сигналын қосып, 8 айлық сәбиді  шұғыл түрде  Үшарал аудандық орталық ауруханасы дәрігерлерінің қолына тапсырды. Полицейлерге алғыс жариялау мәселесі қарастырылып жатыр, – дейді Алматы облысы Полиция департаментінің ресми өкілі Ақбота Куанышбеккызы.