24 тамыз күні белгісіз екі адам қала аумағында Өзбекстан елінің азаматына күш қолданып, 500 мың теңге ақша талап еткен. Онымен қоймай, жәбірленушіні өздерімен бірге ертіп жүрген. Олардың қолдарынан босап шыққан 44-жастағы азамат сол күні полицияға арызданған. Полицейлер ҰҚКД қызметкерлерімен бірлесіп, жедел-іздестіру шарасы барысында Атырау қаласының 1983 жылы туған және Жылыой ауданының1979 жылы туған тұрғынын ұстады. Айғақ зат ретінде бопсалап алған ақша алынды. Ұсталғандардың бірі Жылыой ауданының бұған дейін бірнеше рет сотталған тұрғыны тергеу абақтысына, екіншісі үй қамаққа алынды. Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің «Бопсалау» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, тексеру кезінде ұсталған екеуінің деструктивті діни ағымды ұстанатыны анықталды.