Абай музейінің іші-сыртына ғылыми-реставрациялық жұмыс жүргізіледі
Абай музейінің іші-сыртына ғылыми-реставрациялық жұмыс жүргізіледі
348
оқылды

Абай музейінің іші-сыртына ғылыми-реставрациялық жұмыс жүргізілуі керек. Бұл туралы бүгін Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейіне барғанда мәлімдеді. Министрдің бұл сапары Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына дайындықты ұйымдастыруға арналды.

Министрліктің тарихи-мәдени мұра басқармасының қызметкері Ә.Күзербаев, «Қазқайтажаңғырту» мекемесінің қызметкері Қ.Тұяқбаев, Шығыс Қазақстан облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының міндетін атқарушы Р.Нұрмұхановалар музейде алдағы уақытта жүргізілетін жұмыстармен танысты.


– Абай музейіндегі асыл мұраларды келешек ұрпаққа толықтай жеткізуді   баса назарға ала отырып, цифрландыру жұмыстарын кең көлемде жүргізу қажет, – деді министр А.Райымқұлова.

Сондай-ақ, ведомства басшысы музей экспозициясын жаңалау кезінде заманауи технологиялармен жабдықтау, экспозицияның жаңаша үлгіде жасалуы, музейдің іші мен сыртына ғылыми-реставрациялық жұмыстар жүргізілуі қажетін атап өтті.