11 қыркүйектен бастап Алматы мен Ташкент арасындағы әуе рейсі ашылады

11 қыркүйектен бастап Алматы мен Ташкент арасындағы әуе рейсі ашылады

Өзбекстан Қазақстанмен арада қатынайтын әуе рейстерін қалпына келтірді. Атап айтқанда, Ташкент – Алматы – Ташкент бағытындағы алғашқы рейс 11 қыркүйекке белгіленіп, аптасына бір рет (жұма күні) ұшады. Uzbekistan Airways АҚ компаниясы БАӘ, Германия, Қырғызстан және Түркия елдерімен арадағы тұрақты әуе рейстерін кезең-кезеңімен қалпына келтіретінін хабарлады.

  • Ташкент – Дубай-Ташкент – 4 қыркүйектен бастап аптасына бір рет (жұма);
  • Ташкент – Франкфурт – Ташкент – 10 қыркүйектен бастап аптасына 1 рет (бейсенбі);
  • Ташкент – Алматы – Ташкент – 11 қыркүйектен бастап аптасына 1 рет (жұма);
  • Ташкент – Бішкек – Ташкент – 14 қыркүйектен бастап аптасына 1 рет (дүйсенбі);
  • Ташкен – Ыстамбул – Ташкент – 4, 7, 11, 14, 16, 18, 21, 23, 24, 25, 28 және 30 қыркүйек күндері.
Аталған елдерден Uzbekistan Airways АК рейстерімен Өзбекстанға ұшуды жоспарлап отырған жолаушылар рейстің ұшуына дейін 72 сағат жарамды болатын COVID-19 инфекциясына (ПТР әдісімен) тапсырылған тест туралы анықтаманы ұсынуы тиіс. Бұдан бөлек, Германия, Қазақстан, Қырғызстан, БАӘ, Түркия елдерінен тұрақты рейспен ұшып келетін жолаушылардың қолында COVID-19 теріс нәтижесін көрсететін анықтама болуы керек. Олар термометриядан өтіп, 14 күн өзін-өзі оқшаулауға міндеттейтін анкетаны толтыруы қажет.