Коронавирус ауыр түрде өтетін науқастарды емдеу үшін кортикостероидтарды қолдану ұсынылады. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы хабарлады.
«Біз COVID-19-бен ауыр түрде емделіп жатқан пациенттерді емдеу үшін кортикостероидтарды қолдануды ұсынамыз», - делінген хабарламада.
Сонымен қатар ДДСҰ бұл терапия аурудың қарапайым түріне сәйкес келмейтінін айтты.