12 оқушыға планшет cыйлады
12 оқушыға планшет cыйлады
348
оқылды
«Nur Otan» партиясының Бәйдібек аудандық филиалының ұйымдастыруымен «Мектепке жол» акциясы аясында аудан­дағы аз қамтамасыз етілген және әлеу­меттік жағдайы төмен 12 отбасы­ның балаларына планшет табыс­талды. Аталған шараға «Бәй­дібек несие» ЖШС-нің басқарма төра­ғасы, ауданның құрметті азаматы Жазылбек Әбілдабекұлы демеу­шілік жаса­ды. Биыл пандемияға байла­нысты елімізде оқушылар қа­шықтан оқуға мәжбүр болып отыр. Сон­дықтан демеуші аза­мат оқушылар­ға қашықтан бі­лім алуға аса қажет планшет ұсын­уды жөн көріпті. «Жетім көр­сең жебей жүр» деген сөз­ді жанына серік еткен Жа­зылбек Әбілдабекұлы мектеп оқу­шыларына жыл сайын шә­кіртақы тағайындауды да ес­тен шығарған емес. «Қалыш ана» атындағы сти­пен­дияға аудан мек­теп­теріндегі әлеу­меттік жағдайы тө­мен отба­сылардың балалары және  жетім балалар мен оқу озаты атан­ған оқушылар ие болып отырады. Шара соңында оқушылар­дың ата-аналары партиялықтар мен демеушілерге алғысын жет­кізді. Өз ке­зегінде «Nur Otan» партиясы Бәйдібек аудандық филиалы төра­ғасының бірінші орынбасары Тұр­сынәлі Дүйсен­беков партия тара­­пынан игі іс-шаралар жалға­сын табатынын жеткізді.  

Әбілмансұр ЖАСАН