Науқан барысында №28, №35, №25 мектептің оқушыларына оқуға қажетті құрал-жабдық табыс етілді. Игі іске қалалық мәслихаттағы «Nur Otan» фракциясының мүшесі Күлшат Масалимова демеушілік жасады.
– Бір отбасындағы бірнеше баланы мектепке дайындау ата-анаға салмақ түсіретіні анық. Әлбетте, мұндай жағдайда әке-шеше барлық баласын бірдей жаңа оқу жылына сақадай-сай етіп даярлай алмайды. Сондай-ақ әлеуметтік көмекті қажет ететін аз қамтылған отбасы мен жетім, жартылай жетім жеткіншектер де бар. Оларға көп болып көмек көрсету игі іс, – дейді партияның облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ербол Данағұлов.
Айта кетейік, «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы қыркүйек айының соңына дейін жалғасады.