«Атуға тыйым салынған» – Қаңғыбас иттер 25 қойды қырып кетті
«Атуға тыйым салынған» – Қаңғыбас иттер 25 қойды қырып кетті
Фото: Интернеттен алынды
227
оқылды
БҚО полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібековтің мәлімдеуінше, оқиға Ақжайық ауданы Тайпақ ауылында болды. 2 қыркүйек күні таңғы сағат 07.00-дер шамасында ауыл шетінде тұратын екі тұрғын: бірінің – 18, екіншісінің 7 қойын қаңғыбас иттер өлтіріп кеткен. Иттің иесі анықталған жағдайда хаттама толтырылады. Былтырдан бері қаңғыбас иттерді атуға тыйым салынған. Қазіргі уақытта, әсіресе, ауылдық жерлерде қаңғыбас ит-мысықтардың көбеюі күрделі мәселеге айналып отыр.