Санда бар, санатта жоқ
Санда бар, санатта жоқ
398
оқылды

Nur Otan партиясының Нұр-Сұлтан қаласы филиа­лын­дағы Сыбайлас жемқор­лық­қа қарсы іс-қимыл жөнін­дегі қоғамдық кеңестің оты­­ры­сы өтті. Жиында бі­лім беру саласындағы сыбай­лас жем­қорлыққа қарсы жұмыс­тың жағдайы сөз болды.

Жиында «Нұр-Сұлтан қала­сы­ның білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Әнуар Қанатұлы баяндама жасады. Тың деректемеге негізделген баян­дамада балабақшадағы былық­тармен қатар мектеп асханалары жағдайы айтылды. Сондай-ақ әлеуметтік желідегі толқу мен білім саласындағы жаңалықтар жария болды. Мекеме басшысы мектеп айналасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шара­­­ларын қолдауға шақырды. Талқылауға Марат Башимов, Жамаладен Ибрагимов, Фарангиз Ахметова, Камалиден Жақпаров және тағы басқалары қатысты.

Баяндамада айтылғандай, 2018 жылдың наурыз айында жүргізілген тексеруде 70 орынды «Нұр Мадияр» балабақшасында 39 есім өтірік тіркеуде тұр. Бір баланың есімін екі-үш бала­бақ­­шадан көруге болады. Мы­салы, Бауыржан Айзада «Ақ тілек-1», «Ақ тілек-2» балабақ­ша­сына қатар тіркелген. Осы­ған ұқсас оқиғалар жиі тір­ке­леді екен. Сәйкесінше, Нұр-Сұлтан қала­сындағы аудандық әкім­шілік­тердің есеп бөлімі тексеріс жасамай-ақ балабақшаны қар­жы­ландырған. Әнуар Қанатұлы ендігі кезекте бәрі қатаң тек­се­рістен өтетінін мәлімдеді.

«Астана – адалдық алаңы» бағдарламасы осы іске қатысты талдау жүргізеді. Әнуар Қанат­ұлы бастаған білім бөлімі бағдар­ламамен иық тіресе жұмыс іс­тейді. Мектеп директорлары мен ата-аналар кеңесі жылына 2 рет арнайы жиналыс өткізеді.

– Ашық бюджет маңыз­ды. Барлық ақпарат шынайы болуы керек. Басқа өңірлерге қара­ған­да Нұр-Сұлтан қаласында ақ­­па­раттың бәрі жария түрде жү­реді. Жалпы, білім басқармасы ата-аналар кеңесімен тығыз бай­ла­ныста. Менің айтарым, қазір – ақ­па­рат дәуірі. Хабарла­ма­ның көбі әлеу­меттік желіде жазылады. Же­ліде жария­ланған әрбір ақпарат­қа мекеменің өзі жауап беру керегін атап өткім келеді. 600 мектепке дейінгі орталық бар. Әр директор есеп беруді өзі қолға алса әрі анық жазылса жақсы болар еді. «Адал­­дық алаңының» басты мақ­саты да – осы. Интерактивті картаның артықшылығы бар. Жүйеде директорға есеп беру оңай болады. Мынанша қаражат жөндеу жұмысына, қалғаны бас­қа іске жұмсалды деп көрсету – жеңіл. Бәрінің астарында қара­жатты дұрыс пайдалану тұр,– дейді Нұр-Сұлтан қалалық ата-аналар кеңесінің төрайымы Гүлнар Омарова.


Айбике ЖАНАСЫЛ