Чили құтқарушыларының үйретілген иті қираған ғимарат астынан бір тірі адамның жатқанын сезіп, белгі берген. Осыдан кейін мамандар арнайы аппаратпен үйінді астында жүрек соғысына ұқсас дыбыс барын анықтаған. Қазір ит көрсеткен жерде іздестіру жұмыстары жүріп жатыр. Жаңалықты ести сала қала тұрғындары осы ауданға жиналған.
Ливан Азаматтық қорғаныс қызметінің өкілі Мишель Әл-Мур: «Қазір үйінділерді аршу жұмыстарын тоқтатуға тура келіп тұр. Себебі, бір-біріне тіреліп тұрған қабырғалар құлап кетуі мүкін. Сондықтан оларды аршитын арнайы көтергіш құралдарды күтіп отырмыз», – деді.