Брендтер тауарын жағып жатыр
Брендтер тауарын  жағып жатыр
371
оқылды

Бүгінде бренд сөзін жиі қолданамыз, шамамыз жеткенше бренд өнімдерді сатып алуға ұмтыламыз. Тіпті бренд атауларды жатқа соғу да сәнге айналған. Дегенмен нарықта бренд қалыптастыру мен оның стратегиясын жүргізуде біз біле бермейтін маркетингтік тәсілдер көп.

Биылғы көктемде Forbes жур­налында 2019 жылғы әлемдік ең қымбат брендтердің рейтингі жа­рияланды. Forbes түзген тізім бо­­йынша Apple компаниясы 9 жыл қатарынан көш бастап келеді. iPhone өндірумен аты шыққан брендтік кәсіпорын 200 млрд доллар (2018 жылғы көрсеткіштен +12%) табысымен алдыңғы орында тұр. Одан кейінгі сатыда Google 167,7 млрд доллар, Microsoft – $125,3 млрд, Amazon – $97 млрд, Facebook – $88,9 млрд, Coca-Cola – $59,2 млрд, Samsung – $53,1 млрд, Disney – $52,2 млрд, Toyota – $44,6 млрд, McDonald's – $43,8 млрд компаниясы орна­лас­қан. Әлемдік нарықта алпауыт кә­сіпорындардың өз өнімін кері қай­тарып алу – жағдайы жиі кез­­де­­­сіп жататын құбылыс. 2017 жы­­­­­­­лы жапониялық Toyota Motor Corporation автоконцерні «қауіпсіздік жас­тығына» қатысты ақау шығуы­на байланысты әлемдік на­рық­қа тарап кеткен 2,9 млн авто­кө­лікті қайтарып алатынын мәлім­де­гені есімізде. Мақсат – бренд атауы­на сөз келтірмеу. Ал биылғы шілде айында ВВС компаниясы Burberry бренді сатылмай қалған құны 90 миллион еуродан асатын киім мен парфюмін қалай жой­ғанын хабарлады. Яғни, сонша сомаға ба­ғаланатын өнімін өртеп жі­берген. Бұл әрекетке эколог­тар­дың наразылық білдіргенін бы­лай қойғанда, көптеген ұйымдар ол киім «неге мұқтаж адамдарға берілмеді» деп кейістік танытқан. Алайда өтпеген өнім немесе та­уардан құтылудың жолын өнді­руші компания өзі таңдайды. Ол брендті иеленген кәсіпорынның саясаты мен құқығы ретінде қа­растырылады. ВВС хабарла­ғандай, соңғы бес жыл ішінде Burberry компаниясы жалпы құны 117 млн долларлық тауарын жой­ған. Бір қызығы, компания өкіл­дері өнімдерін жағып жібер­ген­дерін ашық мойындап, жанудан алынған энергияны кәсіпорын­ның ішкі тұтынуына пайдала­ныл­ғанын айтып, дәлел келтірген. Дей тұрғанмен, компаниялар жо­­йып жататын заттардың бар­лы­ғы тиімді мақсатқа жұмсала бер­­мейді, бұл процесс көбінесе қор­шаған ортаны ластайтынын айтып эко­логтар дабыл қағып жүр. Экологтар өртелген синте­ти­калық мате­риал­дар қоршаған ор­таға үлкен зиян тигізетінін ес­кер­теді. Бір жағынан алғанда, өнім­ді өнді­руге кеткен шығын жал­ғыз сол ком­панияның ғана шығыны емес, мемлекеттің, қоғамның шығыны деген де дәлел келтіретіндер бар. Мәселен, Дү­ниежүзілік ресурстар институ­тының статистикасына сү­йенсек, мақтадан тігілген бір көйлекті өндіруге 2,7 тонна су жұм­салады екен. Демек, ол өнім тұ­ты­нушы­сына жетпей жойылса, өзін­дік құнға жұмсалған шығын ақ­тал­ма­ды деген сөз. Өз тауарын өзі жо­­й­ғандардың қатарында Richemont компаниясы да бар. Екі жыл ішін­де кәсіпорын 520 миллион дол­лар­дың сағатын саудадан алып, ша­ғып, істен шығарған. Айта ке­тер­лігі, бұл сағаттар анау-мынау емес, Cartier және Montblanс атаулы брендтер. Richemont ком­пания­сы­ның иесі Richard Lepeu 2016 жылы арнайы мәлімдеме жа­сады. Оның айтуынша, аталған брендтік са­ғат­тар Қытай және өзге де Азия ел­дерінде шенеунік­терге пара ре­тін­де ұсынылып жатқаны анық­тал­ған. «Біз брен­діміздің теріс мақ­сат­та пайда­ла­нылғанын қа­ла­маймыз, сон­дық­тан барлық дү­кендегі та­уар­лар­ды жою туралы ше­шім қа­был­да­дық»,– деді Richard Lepeu.

2017 жы­лы The New York Times газеті әйгілі Nike компания­сының өз тауарын қа­лай жоятыны туралы жазған. Ба­сылымның жа­зуынша, Манхэттен қалашы­ғын­дағы Nike дүкенінің қоқыс шы­ғаратын алаңынан су жаңа крос­совкалар мен спорттық киімдер салынған бірнеше қап табылған.

Әрине, барлық брендтік кә­сіпо­рын өтпей қалған немесе жа­рам­сыз тауарын жаппай өртеп, қо­қысқа лақтырып тастайды де­ген ой тумаса керек. Мәселен, әлем­дік Adidas, Nike, Puma, Baon, Yumstin секілді танымал кәсіпо­рындардың киім-кешегі дүкендер желісінде үлкен жеңілдікпен са­ты­лып жататынын жиі байқаймыз. Әсіресе, бұл жеңіл өнеркәсіп, оның ішінде киім-кешек өнді­рісіне тән. Маусымдық құбылысқа қарай жылдам өзгеріске ұшырап тұратын сән саласында ескі кол­лекциядан қалған, сирек кез­де­сетін өлшемдегі киімдер көбінесе төмен бағада сатылады. Дегенмен жалпы тауар атаулыға әсер ететін кездейсоқ жағдайлар брендтік бұ­йымдарды да айналып өтпесі анық. Тасымалдау және сақтау кезінде аяқ асты бүлінетін «әдепкі шығындарды» айтпағанда, әлем­нің бір шетінен келесі түкпіріне тасымалданып жеткенше, тез ара­да сатылып үлгермесе, «ескіріп» кететін өнімдер де бар. Осылайша, сән индустриясы нарығында жан­таласа артық өндірілгендіктен, «өтпейтін тауарлардың» көлемі өсіп кетіп, жоюға жөнелтіледі.

Тауарды жою кез келген өнді­руші үшін кезекті шығын екені рас. Әйтсе де, компания өкілдері ондай есепсіз шығынға көпе-көрнеу баратындарын айтады. Олардың келтірген уәжінше, брендтер үшін өз өнімін жеңілдік арқылы сату немесе мұқтаж жан­дарға тегін тарату ісі үнемі абырой әпере бермейді. Мұндай кезде алып­сатарлар мен алаяқтар на­рықта түрлі қитұрқы әрекет жа­сап, ақыр аяғында жеңілдік жа­саушы компания атына «сөз келеді». Яғни, адам факторы орын алады. Бұл – бренд атауы үшін қиынға соғатын жағдай.