Патша сөздің Фаризасы
Патша сөздің Фаризасы
649
оқылды

Атырауда поэзия падишасы Фариза Оңғарсынованың туғанына 80 жыл толуына арналған әдеби-мәдени апталық өтті. Облыс орталығының ең көрнекті жеріне орнатылған ақын ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімінен бастау алған шаралар легі төрт күн бойы ақынның туған жерін сағыныштың самалына сіңіріп алды. Бір апта бойы мектеп оқушылары мен студенттер, жас ақындар ақын ескерткіші алдында жырларын оқып, көргенді тебірентіп, тыңдағанды жылатты.

Ғұмырында бүкілхалықтық ма­­хаббатты сезініп өткен ақын тойын­да облыс әкімдігінің қол­дауымен мәдениет, архивтер жә­­не құжаттама басқармасы­ның тапсырысы бойынша «Бі­ре­гей» қоғамдық қоры шы­ғар­ған «Ар мен ақын» деректі фи­льмі, «Жыр – менің жалғыз тар­ла­ным» аудиоөлеңдер жинағы та­ныс­тырылды.

Поэзия падишасы білім ал­ған Халел Досмұхамедов атын­дағы Атырау мемлекеттік уни­вер­ситетінде белгілі ғалымдар, ақын-жазушылар мен жастар қа­тысқан республикалық ғылы­ми-тәжірибелік конференция өтті.

– Фариза Оңғарсынова – Аты­­рау топырағында дүниеге кел­­ген талант иесі. Өзі барда лайықты бағасын алған ақын шы­ғармашылығының ерен­ді­­гін айту күрделі. Бүгінгі кон­фе­ренцияда Фариза әлеміне те­рең үңілген жандардың ең­бек­терімен ғылыми тұрғыда ба­ғасы берілетініне сенім біл­ді­ріп, сәттілік тілеймін, – деді кон­ференцияда сөз алған облыс әкімінің орынбасары Айгүл Әжіғалиева.

Елбасының «Болашаққа бағ­дар: рухани жаңғыру» бағ­дар­ламалық мақаласының «Ту­ған жер» бағыты аясында ұйым­дастырылған «Фариза Оң­ғарсынова – көрнекті ақын, қо­ғам және мемлекет қайраткері» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияда алғашқы баяндаманы филология ғылымдарының докторы, Атырау мемлекеттік университетінің про­фессоры Қадыр Жүсіп жаса­ды.

– Өткен ғасырдың алпы­сын­шы жылдарының аяқ кезінде қа­зақтың поэзия әлемінде бір жар­қылдаған найзағай ойнады. Бағ­зы бұйығылықты жойып, ақын қыздар арасында поэзия ас­панына сол жарықты алып кел­ген Фариза болатын, – деп атап өтті ғалым.

Конференцияда «Ф.Оң­ғар­сы­нова және қазақ поэзиясының көркемдік әлемі», «Ақынның аза­мат­тық ұстанымы және қо­ғам­­дық қызметі», «Ақын шы­ғар­­машылығын оқытудың өзек­тілігі және тәрбиелік мәні» сек­циялары бойынша баян­да­малар тыңдалды.

Поэзия падишасына арнал­ған тағылымды шарада Қа­зақ­стан Жазушылар одағының бас­қарма төрағасы Ұлықбек Есдәу­лет, Мемлекеттік сыйлықтың лау­реаттары, көрнекті жазушы­лар Әнес Сарай, Қажығали Мұхамбетқалиұлы, Қазақстан Жазушылар одағы басқарма тө­рағасының орынбасары Ме­ре­ке Құлкенов, Мемлекеттік сый­лықтың лауреаты Ақұштап Бақ­тыгереева, белгілі ақын Свет­қали Нұржан, филология ғы­лымдарының докторлары Амантай Шәріп, Оңайгүл Тұржан, Жанат Әскербекқызы қа­ты­сып, Фариза ақынның адами қасиет­тері мен шығармашылығы туралы тебірене сөйледі.

– Фариза ақынның поэзиясы өзі­нің туған жерінің табиғатымен мінездес, тектес, өрістес, – деген белгілі ғалым, ақын Оңайгүл Тұр­жанның пайымы көңілге қон­ды. Ақиқатында Фариза Оң­ғарсынқызының өрлігі өлең­дерінен де айқындалып, со­ны­сымен оқырманын өзіне маг­нитше тартып тұрды.

Ақын қызға арналған апта­лықта көрерменге «Ар мен ақын» спектаклі ұсынылды. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын Әлия Дәулетбаеваның дра­матургиядағы алғашқы қадамы көрерменнің көңілінен шықты. Талантты режиссер Жанат Тел­таев, талғампаз суретші Темір­бек Мұхтаров, елге белгілі ком­позитор Болат Қохаманов, хо­реограф Анар Есенғалиевалар бас қосқан шығармашылық ұжым­ның еңбегі өз бағасын ал­ды.

Мемлекеттік сыйлықтың лау­реаты, жазушы Әнес Сарайдан «Ар мен ақын» спектаклінен ал­ған әсері туралы сұрадық.

– Жан дүниемізді қозғады. Ақын­ның туған жері Атыраудың сахналық қойылымдарында Фа­риза туралы дүние болғаны біз­ді қуантады. Бұл спектакльдің кө­рермені көп болып, әлі де ба­ға­сын аларына сенемін, – деді Ә.Сарай.


Фариза ақынға арналған ап­та­лықта аймақ басшысы Нұр­лан Ноғаевтың қолдауымен құрылған «Фариза жұлдыздары» атты жас ақындар клубының да игі шара­сы өтті. Атыраудың мәдени-көп­ші­лік шараларына белсенді қа­ты­сып жүрген талантты жас­тар ақын тойына да үлкен дайын­дықпен келді. Апталық ая­сында ұйымдастырылған «Ас­қақтық пен нәзіктік» атты поэ­зия кешінде клуб мүшелері өнер көрсетті. Жас ақындардың та­лабына сүйсінген қарымды қа­ламгерлер оларға батасын бе­ріп, бірегей болуға тілектестік біл­дірді.

«Жыр жұлдызы – Фариза» республикалық айтысы да Аты­рауға еліміздің түкпір-түк­пі­рін­де­гі жас ақындарды жина­ды. Екі күнге жалғасқан жыр ала­ма­нының бас бәйгесін батыс­қа­зақ­стандық Талғат Мықи жеңіп алды.

   

Поэзия падишасы – бояулар тілінде

Қазақтың арда қызы Фари­за Оңғарсынқызына ар­нал­­ған апталық аясында облыс­тық Ш.Сариев атындағы көр­­­­­кемсурет және қолданбалы сән­дік өнер музейінде «Поэзия па­ди­шасы – бояулар тілінде» ат­ты республикалық суретшілер сим­позиумы өтті. Симпозиумға Қа­зақстанның әр өңірінен 14 суретші қатысты. Нұр-Сұл­тан қаласынан Сейсенхан Ма­­­хан­бетов, Алматыдан Се­рік Тайнов, Шымкенттен Ай­н­а­бек Оспанов пен Ерғали Палым­бетов, Қарағандыдан Ер­лан Айтуаров, Павлодардан Өсер­бай Шуранов, Тараздан Дас­тан Оразаханов, Атыраудан Қам­барбек Аманов, Әділқайыр Жан­тасов, Манарбек Дәулетияров, Айса Отаралиев, Бақтыгерей Тел­еубай, Еркін Қоянғалиев, Нұр­лан Бермағамбет секілді сурет­шілер симпозиумның та­қы­рыбы аясындағы жаңа туын­дыларын жазып, көрмеге ұсын­ды.

– Қылқалам шеберлеріне сим­позиум туралы алдын ала хабарланып, олардың шы­ғар­ма­­шылық ахуалда, еркін жұ­мыс істеуіне уақыт берілді, – деді көрменің ашылу сал­та­­­натында Атырау өнер му­зейі­нің басшысы Төлеген Орын­басарұлы. – Ал соңғы күн­дері суретшілер бірімен-бірі ете­не араласа отырып, музей сту­диясында жұмыстарын тия­нақтады. Студияда қанаттас оты­рып жұмыс істеу олардың өза­ра шығармашылық лабо­ра­ториясымен қызыға таны­су­ларына мүмкіндік туғызды. Сөйтіп, қазіргі ашылғалы отыр­ған көрмеге шеберлер кем де­генде екі картинадан қойып отыр. Бұл жауһар дүниелерді аз уақыттан соң тамашалайтын бо­ласыздар.

Осыдан кейін музей басшы­сы симпозиумға қатысушы сурет­шілерге түгелдей облыс әкімі атынан алғысхат пен ақшалай сый­лықтар табыс етті. Өзге өңір­лерден келген суретшілер де өз лебіздерін білдіріп, алған әсер­лерімен бөлісті. Шараны ұйым­дастырған Атырау облысы әкім­дігіне, Атырау облысы мәдениет, ар­хивтер және құжаттама бас­қар­масына, Атырау облысы Ш.Сариев атындағы көркемсурет жә­не қолданбалы сәндік өнер му­зейі ұжымы мен басшысына шын жүректен алғысын білдірді.

Композитор, өнер зерттеушісі Илья Жақанов поэзия падишасы туралы тебірене сөйледі.

– Фаризаның өзі енді мәң­гі­лік сағынышқа айналды... Мі­не, мына алдымызда тұр­ған қылқалам шеберлері сол сағынышымызды, махаб­ба­тымызды кенепке түсіріп, бояу­дың мың құбылған тілінде жеткізіп отыр. Бұл жігіттерді жақсы білемін. Бұлар бүгінгі заманда қорғансыз жандар. Өздерінің творчествосымен ғана өмір сүріп жүрген, еш­кім­ге зияны жоқ адамдар. Ен­де­ше бұл симпозиум олар үшін рухани серпіліс болды. Ша­быттарың сарқылмасын, қыл­қаламдарыңның бояуы кеппесін жігіттер! – деп ризашылығын білдірді.

Суретшілер ақын бейнесін ғана емес, оның туған жері мен жыр­ларын да кенепке өрнек­теген екен. Сайып келген­де, көрмеге келушілерге поэзия мен көркемсурет­тің үндестік тап­қаны ерек­ше әсер қалдырды.

       

Ән әуелеген кеш

Фариза Оңғарсынова жан-жақты талантты болды. Өлеңді қалай жазса, күйді де солай орындады. Оркестр құрамында өнер көрсеткен Фариза ән де шыр­қайтын. Оның өлеңдеріне жазылған әдемі әндерді Мақпал Жүнісова, Нұржамал Үсенбаева, Ақмарал Машимова, Гүлмира Ақүрпековалар еліміздің сах­наларында шырқап, құрметке бөленіп жүр. Республикалық эст­рада әншілерінің байқауына қа­тысқан өнерпаздар ақын т­уған жеріне келіп, елдің риза­шылығына бөленді. Байқаудың бас жүлдесін Н.Жантөрин атын­дағы Атырау облыстық фи­лармониясының әншісі Айбар Ғаниұлы иеленді.

Құрманғазы атындағы мә­­дениет сарайында өткен қо­ры­тынды кешке Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрқиса Дәу­лешов, Атырау облысының әкі­мі Нұрлан Ноғаев және елі­міз­дің әр өңірінен келген зиялы қауым өкілдері қатысты.

Шараға арнайы келген Нұр­қиса Дәулешов Мәдениет жә­не спорт министрі Ақтоты Райым­құлованың құттықтау лебізін жет­кізді.

– Қасиетті Атырау жерінде кешелі бері шоқтығы биік, ма­ғы­насы терең үлкен шара өтіп жатыр. Асқақтатып жыр, күм­бірлетіп күй төккен тамаша кеш­ті ұлт рухының мерекесі деуге болады. Осылайша, ақын қызға арналған мәдени шаралар өз мәресіне жетті, аздаған қимастық сезімі де жоқ емес, – деді ол.

Апталықтың әр шарасын қалт жібермей, ақынның жыр-шу­мағын жатқа оқыған облыс әкімі Нұрлан Ноғаев ел рухын асқақтатар мұндай іс-шаралар жалғасын табады деген сенім білдірді.

– Фариза апамызға айтылар теңеу көп. Дегенмен оның шын­шылдығы мен жолдасқа, досқа адалдығы бір бөлек. Бүгін, міне, соның куәсі болдық. Өйткені апталық аясында өткен әр шара­ның басы-қасында елдің арда аза­маттары болды. Олар бұл шара­ның мәртебесін көтергені сөзсіз. Фариза поэзиясы – өс­ке­лең ұрпақты батылдыққа, отан­сүйгіштікке тәрбиелейтін қуатты поэзия. Алдағы уақытта мұн­дай шаралар жалғасын тауып, Фариза апамыздың шы­ғар­машылығы кеңейіп, елдің дамуына, өскелең ұрпақтың рухы биік болып қалыптасуына сеп бо­латын тәрбиелік шаралардың қа­тары артсын, – деді аймақ бас­шысы Н.Ноғаев.

Фариза Оңғарсынова – көр­кемсөз майданында ақын мен жазушыға тән адамгершілік, ба­тыл­дық, адалдық, ерлік, намыс­қойлық, ұлтшылдық секілді қасиеттердің биігінен көрінген ақын. Ақынның өлеңдері кейінгі ұрпақты ерлікке, туған жер мен адамзатты сүюге арналғандықтан да өміршең болатынын туған же­рінде өткен тағылымды шар­а­лар айқындап берді.

   

Атырау облысы