Германия полициясы 5 баланың өліміне қатысты істі тергеп жатыр, - деп хабарлайды РИА Новости.
Қайғылы оқиға Золинген қаласында болған. Ондағы пәтерлердің бірінен 5 баланың мәйіті табылған.
Өңірдегі ішкі істер министрі Герберт Ройлдің айтуынша, 3 қыркүйекте балалардың денесін әжесі тапқан. Ол басқа қалада тұрады екен. Қайғылы оқиға орнына жедел жәрдем қызметі, полиция келген. Оқиға орны қоршауға алынған.
Герберт Ройл 27 жастағы балалардың анасы 11 жастағы ұлымен бірге Дюссельдорф қаласындағы вокзалда өз-өзіне қол салмақ болғанын айтады. Әйел түрлі ауыр дене жарақатымен ауруханаға жеткізілген, ал бала зардап шекпеген.
Полицияның мәліметіне сәйкес, қайтыс болған балалар 1-8 жас аралығында болған. Өлімнен аман қалған бала туыстарына жіберіліпті.
Полиция бұл іске қатысты басты күдікті балалардың анасы екенін айтады. Оқиғаның нақты себебі әлі анықталған жоқ.