Германия полициясы 5 баланың өліміне қатысты істі тергеп жатыр, - деп хабарлайды РИА Новости. Қайғылы оқиға Золинген қаласында болған. Ондағы пәтерлердің бірінен 5 баланың мәйіті табылған.
Герберт Ройл 27 жастағы балалардың анасы 11 жастағы ұлымен бірге Дюссельдорф қаласындағы вокзалда өз-өзіне қол салмақ болғанын айтады. Әйел түрлі ауыр дене жарақатымен ауруханаға жеткізілген, ал бала зардап шекпеген. Полицияның мәліметіне сәйкес, қайтыс болған балалар 1-8 жас аралығында болған. Өлімнен аман қалған бала туыстарына жіберіліпті. Полиция бұл іске қатысты басты күдікті балалардың анасы екенін айтады. Оқиғаның нақты себебі әлі анықталған жоқ.