«Nur Otan» партиясы көпбалалы анаға ұлының оқу орнын ауыстыруға көмектесті
«Nur Otan» партиясы көпбалалы анаға ұлының оқу орнын ауыстыруға көмектесті
© сурет интернеттен алынды
184
оқылды
Көпбалалы ана партияның БҚО филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесіне жазбаша өтініш түсірді. Жұбайы II топтағы мүгедек. Бүгінгі таңда денсаулық жағдайы нашарлаған. Ұлы Алматы қаласының Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университетінің (Политех) 2-курс студенті. Қазір оның отбасындағы жағдай нашарлаған. Ол күйеуінің денсаулығына қамқорлық жасап, қыздарын да тәрбиелеуде үлкен ұлының көмегі қажет екенін айтып, ұлын Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетіне дәл осы мамандыққа (инженерлік желілер мен жүйелер) грант негізінде ауыстыруға көмектесуін сұрады. «Nur Otan» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары М.Мукаев  Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің ректоры Асқар Наметовпен телефонмен байланысып, өтініш иесіне мәселенің шешілуі бойынша көмектесуін сұрады, артынан хат та жолданды. Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің ректоры Асқар Наметов Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университетінің ректорымен сөйлесіп, БҒМ №595 бұйрығы негізінде өтініш иесінің Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетіне ауысуы туралы келісілді. Қазір жігіт қажетті құжаттарды жинақтауда.