Байқауда бақ сынаңыз!
Байқауда бақ сынаңыз!
283
оқылды
Конкурс 5 номинация бойынша өткізіледі: телевизиялық жұмыс, әлеуметтік ролик, баспасөз бетіндегі жарияланым, интернет-мақала және интернет-жарияланым/пост. Өтінімдер 2021 жылғы 1 наурызға дейін қабылданады. Жеңімпаздардың есімдері Дүниежүзілік аутизм мәселесі туралы ақпарат тарату күні 2021 жылғы 2 сәуірде жарияланады. Конкурс арқылы ұйымдастырушылар даму ерекшеліктері бар балаларды әлеуметтік бейімдеудің практикасы мен сәтті тәжірибесін атап өтіп, азаматтарды инклюзивті білім берудің міндеттері мен артықшылықтары туралы ақпараттандыру процесіне журналистер мен әлеуметтік желілердің белсенді қолданушыларын тартуға тырысады. Байқауға республикалық және өңірлік телеарналардың, ақпараттық агенттіктердің, баспа басылымдарының журналистері, сондай-ақ әлеуметтік желілерді қолданушылар қатыса алады. Сондай-ақ оның шарттарымен www.bolashakcharity.kz сайтында танысуға болады. Айта кетейік, конкурсты «Болашақ» корпоративтік қоры «Nur Otan» партиясының қолдауымен жүзеге асырылатын инклюзивті білім беруді дамыту бойынша «Әр бала мектепке лайықты» жобасы аясында 2016 жылдан бастап өткізеді.  

Әбілмансұр ЖАСАН