Ресейге санкция қолданылуы мүмкін

Ресейге санкция қолданылуы мүмкін

Латвия атынан сай­ланған еуродепутат Сандра Кал­ниете Ресей билігінің бұл қылмысты ашуға дайын болмай отыр­ғанын жет­кізіп, Еуроодақ тарапынан халық­аралық тергеу тобын құруды ұсын­ған. Еуродепутат бұл топты БҰҰ, Еуропа Кеңесі, ЕҚЫҰ қаты­суымен құру керек деп есептейді. Химиялық қаруды қолданғаны үшін Еу­роодақ елдері әдетте қатаң санкция қолданады. Навальный ісіне байланысты бірқатар еуро­палық саясаткерлер Ресейге қарсы санкция­ларды қолға алуды ұсынып отыр. Сандра Калниете бұл қылмысты ұйым­дастырушылар мен атқарушы­лардың есепшоттарын бұғаттап, ЕО-ға кіруге тыйым салу қажет дейді. 2018 жы­лы Брюссель химиялық қаруды қол­дан­ғандарға қарсы санкция меха­низм­дерін бекіткен еді. Мәселен, 2019 жылы бұ­рынғы агент Сергей Скрипаль «Но­вичок­тан» уланған кезде Еуроодақ Ре­сей бас штабының жоғары лауа­зымды төрт бір­дей өкіліне қарсы санк­ция қолданған. Еуро­депутаттың ай­туын­ша, егер қыл­мысқа кінә­лілер та­былмаса, онда осы салаға жауапты ІІМ мен Федералды қауіпсіздік қызметінің бас­шыларына қарсы қатаң шаралар қолдану керек. Бундестаг депутаты Норберт Рет­ген­нің Ресей экономикасы үшін аса маңызды «Солтүстік құбыр-2» жоба­сын тоқтатуды ұсынуы қоғамда қатты талқыланып жатыр. Өз кезегінде ол: «Біз Путин түсі­не­тін тілде жауап беруіміз керек: бұл табиғи газ бен оның тасымалы» деп мә­лімдеген. Германия канцлері Ангела Мер­­кель Наваль­ныйдың улануын газ құбырын тоқ­та­туымен байланыстыруға қарсы екенін аңғартты. Ал еуродепутат Сандра Калниете бұл газ құбыры Еуро­паны Ресейге тәуелді етеді, ал Ресей саяси қысым үшін осындай эко­но­ми­калық құралдарды пай­даланады деп қынжы­лады. Оның ойынша, газ үшін еур­о­палықтар төлейтін ақша Путин ре­жимін тек күшейте түседі. Сол себеп­тен бұл жо­­баны жалғастырудың еш маңызы жоқ. Еуропарламент сарапшысы Хель­мут Шольц Украинадағы жағдайға байла­нысты Ресейге қарсы бірқатар санк­циялардың онсыз да қолға алын­ғанын еске салады. Яғни, қолда әсер ететін құ­ралдар да көп емес. Ресей сарапшылары Германия, Фран­ция мен Британия химиялық қару­дың қол­да­нылғанын қатаң сына­ды, ал бұл үштіктің санк­ция қабылдауда даусы басым деп ескертеді. Есесіне, Еуроодақтан гөрі АҚШ-тың реакциясы жұмсақ болады деп үміттенеді. Амери­каның 1991 жылы қа­былданған Хи­мия­лық және биология­лық қаруды жою туралы заңына сәйкес, Солсбери ісін­де Ресейге қарсы бірқатар санк­циялар қабылданған еді. Өткен жылы Дональд Трамп әкімшілігі Ресейдің жиын­тық қарызына қарсы шектеулер қол­данды. Бірақ билік АҚШ-қа Ресей мұ­найының импортын тоқтату мен «Аэро­флот» ұшақ­тарының елге қонуын шектеу сияқты ұсы­ныстарды қабыл­дамады. Сол себептен сарапшылар Ақ үйдің еуропалық санк­ция­лардан кейін мәлімдеме жасап, «Еуро­палық ұста­ным­ды қолдай отырып, Америка тара­пынан қосымша шектеу­лердің қаже­ті жоқ­тығын айтуы мүмкін» дейді. Навальный ісіне қатысты тергеу амал­дары әлі аяқталған жоқ. Бүгінде Ақ үй басшылығы әлеуметтік желілерде егер қыл­мыскерлер анықталса, жеке тұлға­лар­­ға қарсы санкциялар қолда­нылатынын ашық мәлімдеп отыр.  

К.ӘЛІМ