Қазақ мультфильмдері Америкада көрсетіледі

Қазақ мультфильмдері Америкада көрсетіледі

«Балапан» арнасының директоры Мақпал Жұмабайдың айтуынша, «Балапанның» 5 анимациялық жобасы АҚШ-та кабельдік арналар, ал Латын Америкасы елдерінде VOD және онлайн-каналдар арқылы көрсетіледі екен.

– Алдағы уақытта «Тынымсыз шөжелер», «Сәби», «Еркелер», «Шахмат патшалығы», «Пырақтар» жобаларын аталған елдерде ағылшын, испан және португал тілдерінде көруге болады. Сонымен қатар ол «Балапанның» анимациялық жобалары Ресейдегі №1 онлайн-кинотеатр саналатын IVI.RU платформасына жүктелгенін жеткізді. Енді «Күлкі іздеген Күнекей», «Сәби», «Еркелер» мультсериалдарын аталған платформадан тамашалауға болады, – дейді ол.
Жалпы, IVI.RU платформасының контенті бір айда 50 миллионға жуық қаралым жинайды.