Қазақстанда өкпені жасанды желдету аппараттарының өндірісі ашылды
Қазақстанда өкпені жасанды желдету аппараттарының өндірісі ашылды
347
оқылды
Үкімет басшысы Асқар Мамин «Қазақстан Аселсан инжиниринг» ЖШС қорғаныс өнеркәсібі мекемесіне барып, пандемия жағдайында ең қажетті өкпені жасанды желдету (ӨЖЖ) стационарлық аппараттарының өндірісін қалай ұйымдастырып жатқанын бақылап қайтты.. Бұл аппарат емдеу мекемелерінде жансақтау және қарқынды терапия бөлімдерінде ересектер мен балалардың өкпесін ұзақ уақыт бойы желдетуге арналған. ӨЖЖ аппараты ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің талаптарына сай келеді және Нұр-Сұлтан қаласындағы Көпсалалы жұқпалы аурулар орталығында сәтті сынақтан өтіп, медицина мамандарының оң сараптамалық қорытындысын алған. өкпе (3) Бүгінгі таңда жергіліктендіру деңгейін 30%-ға дейін жеткізумен, оны 50% және одан да көп пайызға ұлғайту перспективасымен ӨЖЖ аппараттарын өндірістік құрастыру жүзеге асырылуда. Өндірістік цикл кезеңінде жергіліктендіру деңгейі «Қазақстан Аселсан инжиниринг» ЖШС-ның заманауи технологиялық жабдықтармен жабдықталуының және электронды, радиоэлектронды және оптикалық приборлар саласындағы инженерлік-техникалық персоналдың құзыретінің жоғарылығының арқасында артатын болады. ӨЖЖ аппараттары өндірісіне ҚР басқа да қорғаныс саласы кәсіпорындарының технологиялық әлеуеті тартылған. Денсаулық сақтау министрлігінің жөнелтуге рұқсаты бойынша ӨЖЖ аппараттары биыл қыркүйек-қазан айларында еліміздің барлық өңірлері бойынша медицина мекемелеріне 1500 дана көлемінде жеткізілетін болады. ӨЖЖ аппараттарын құрастырумен қатар, кәсіпорынның инженерлік-техникалық персоналы емдеу мекемелеріндегі медицина қызметкерлерінің оқытылуын қамтамасыз етеді, сондай-ақ 24/7 режимінде техникалық қолдауды жүзеге асырады. Кәсіпорындарға 3 жыл бойы кепілдікті қызмет көрсету мерзімі ұсынылады. Үкімет басшысы өндіріспен танысып, еліміздің медицина мекемелеріне өнімдерді уақытылы жеткізуді қамтамасыз етуді тапсырды.